• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

24 Қараша, 02:36:11
+12°

03 Наурыз, 2014 NEWS

Патриоттар: Тарт қолыңды тәуелсіздіктен!

Ертең, 3 наурыз күні сағат 12.00-де  Алматы қаласында Жандосов пен Байзақов көшелерінің қиылысындағы РФ-ның Бас Консулдығына және  Астана  қаласындағы Ресей...

   Ертең, 3 наурыз күні сағат 12.00-де  Алматы қаласында Жандосов пен Байзақов көшелерінің қиылысындағы РФ-ның Бас Консулдығына және  Астана  қаласындағы Ресей елшілігінің алдында сағат 13.00 де ұлт  жанашырлары  жиналмақшы.  Мұндай қадамға патриоттарды  Ресейдің  Украинаға басып кіруі, соңғы уақыттағы Ресейдің Лимонов, Жириновский  секілді "ұрда-жық" саясаткерлерінің  Қазақстанға  көрсеткен құқайы итермелеп  отырған секілді. Жұрттың айтуынша, Ресей кеше Абхазия мен Осетия, бүгін Қырым, ертең Солтүстік Қазақстанды басып алуы мүмкін.

Шара туралы белгілі  журналист Қасым Аманжол: "Ертең біз ҚР Конституциясы кепілдік берген Азамат ретіндегі заңды құқымызды пайдаланамыз. Ресей консулына бейбіт түрде  наразылығымызды білдіреміз. Әр елдің тәуелсіздігі мен азаттығына, шекарасына қол сұғылмауын сұраймыз. Сіз Бізбен біргесіз бе, замандас?"  деп  жазады ФБ желісінде.

Ал,  саясаттанушы Айдос  Сарым: "Бір нәрсені түсінгеніміз абзал: Егер Ресей өзіне жақын украин халқына қарсы соғыс ашуға дайын тұрса, қазақты еш аямайтыны анық. Билік не десе о десін, іштей соғысуға дайындала берейік"  дей  келе, "Кремльдің Қырымдағы Украина агрессиясына  патриоттар өз наразылықтарын білдіреді. Қазақстандық украиндар да өз үндерін  қосатын шығар" -дейді.

   

Bilal Quanysh

Автормен оның Facebook парақшасы арқылы хабарласуға болады.

Жазылыңыз

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір