02 Наурыз, 2014 NEWS
Украина - өгіз, Қазақстан - бұзау
Мемлекеттер арасында ешқандай достық болмайды, тек мүдде қатынасы ғана болады. Әлде бір жаттанды диалогтардың бұндай мүддеде пайдасы шамалы болатынын күнде...
Мемлекеттер арасында ешқандай достық болмайды, тек мүдде қатынасы ғана болады. Әлде бір жаттанды диалогтардың бұндай мүддеде пайдасы шамалы болатынын күнде көріп, біліп отырмыз.
Ресейдің Украинаға әскер кіргізу туралы шешімі бір жағынан қажеттіліктен болды. Кезкелген ел өз ұлтының мүддесі мен қауыпсіздігі үшін аянбайтыны хақ. Оның үстіне, Қырым мен Харков сынды Украинаның шығыс аймақтарында орыстар мен орыс тілділер басым. Олар Орыстан ұлтшыл-радикалдардан қорғауды талап етіп отыр. Оның үстіне бұл қиын кезеңді сәтті пайдаланған орыс ұлтшылдары Украинаның жаңадан келегн билігін мойындамауда. Бұл Орыстың ойлағанынан шыққан себеп болды. Сонымен РФ Мемдумасы көмектесуге бел буып, орыс армиясы Украинаға бет алды.
Украина үшін саяси өзгерістен гөрі ел тұтастығын сақтап қалу маңызды
Укараинадағы "Евромайданшыл" ұлтшыл, радикалдық топтар жалпы жақтан саяси мәңгүрттіктерін көрсетті. Саясаткерлік пен сабырлылықты, қанағатты ұмытып кеткен радикалды топтың ниеттері дұрыс болғанымен амалдары қателікке ұрындырды. Халықты бір-біріне айдап салды, зорлықты әрекеттерге барды, жұр арасында жақсы обыраз қалтыра алмады. Негізі Янковичті қозғап, көз алдағы мүдделерін ойлап жүргенде, Украина ұлтшылдары мен Евромайданға қарсы топтар орыстармен бірлесе отырып одақ құрды. Тым кеудемсоқтық өз отандарының трагедиясына айналып барады. Қазір Украиндерге саяси қайта құру керек емес, ең маңыздысы Елдің тұтастығын сақтап қалу керек. Бітер іс біткен соң қылыштарын дәретке шабатын болады. Әлі де ымыраласу арқылы Орыстың саяси бұлтағынан сытылып шығып, елдің тұтастығын қорғап қалулары керек. Анау жаңадан сайланды делінген министрлер мен президенттері дұрыс мәлімдеме жасауды да білмейтінін көрсетті. Естерін жинап болғанша, тойда тарқап кетеді ғой. Тіптен орыстар әскер декіргізді, газді да қысты, саяси-экономикалық қысым мен әскери қысым Украиндерді кешірмейді. Оның үстіне халық пен халықтың, билік пен халықтың арасындағы алауыздық әскери құрылымдарға да кіріп кеткен. Бұл беркесіздікті келтіріп шығарды.
Халықаралық кепілдеме орындала ма?
Украина атомнан өз еркімен бас тартқан ел. Енді сол кездегі халықаралық келісім бойынша БҰҰ қауыпсіздік кеңесі мен міндетті мойындарына алған мемлекеттер кепілденген қорғауды орындаулары керек. АҚШ келмесе, Украинаны Ресей жаулап алады. АҚШ 1994 жылы мойнына Украинаны қорғау жөнінде міндеттеме алып қойған. Бар үміт сол АҚШ-та. Егер кепілдеме орындамаса бұл күн Қазақтың басына да таяу деген сөз. "Өгізге туған күн бұзауға да туады". Онда біздің ел атом қаруын қолға келтіруге мықтап кірісуге құқылы болады. Олай болған жағдайда украйндер үшін қырылып біткенше соғысудан басқа шығар жол жоққа айналады. Егер соғыс ұзаққа созылса қолдау да, билік пен халықтың бірілігі де артады, орыстардың күші де әлсіреуі мүмкін, орыс билігі түрілі қысымдарға қарата психологиялық шаршауға ұрынып, ішкі бүлінушіліктен сақтануға мәжбүр болады. Еуро Одақ Орыстарға қазірше ештеңе істей алмайды. Оларға қарсы орыстың қысымы дайын.
Егер Украина соғысқа шықпай, бірлік болмай, жеңілсе, онда орыстардың арам ниеті қабынады. Украиндерге жалғыз жол қалды: Соғысу. Бала-шағасымен қосып соғысқа аттану. Отан үшін өлуге аттанулары керек. Басқа жол жоқ. Енді Украиіндер Януковичке зар болды! Еуро Одақ екі орыстың соғысын көріп күліп отыра береді.
Ал Қазақстан үшін ең керегі халықаралық кепілдеменің(міндеттеменің) орындалуы мен орындалмауы болып отыр. Себебі бұл біздің де басымызда бар сақина!
Ахметұлы Бейсен
Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.
Пікір қалдыру
пікір