16 Қазан, 2024 NEWS
Павлодарлық әскери бөлімдер тексеріліп жатыр
Қазақстан Республикасы Ұлттық ұланы "Шығыс" өңірлік қолбасшылығының жеке құрамы инспекторлық тексерістен өткізілуде.
Ашық дереккөзден
Ұлттық ұлан Бас қолбасшысының орынбасары генерал-майор Бауыржан Әбжанов бастаған арнайы комиссия алғашқы тексеру жұмыстарын Павлолардағы 5512 әскери бөлімінен бастады.
Төрт жылда бір келетін арнайы тексерісте Павлодар, Абай және Шығыс Қазақстан облыстарындағы Ұлттық ұлан әскери бөлімдерінің жауынгерлік даярлығы мен кәсіби біліктіліктері сынға түсуде.
Басты мақсат - "Шығыс" өңірлік қолбасшылығы әскерлерінің жауынгерлік жай-күйін, әскери қызметшілердің кәсіби қабілеттерін анықтау. Тексеріс барысында әскери қызметшілер оқу-жаттығу, тактикалық, дене және атыс даярлығы, мемлекеттік құқықтық дайындық, әскери топография және басқа да негізгі пәндер бойынша сынақ тапсырады.
Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.
Пікір қалдыру
пікір