• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

21 Қараша, 23:22:39
Алматы
+12°

03 Қыркүйек, 2024 NEWS

Премьер-Министр: Шағын әуе кемелерін сатып алу механизмдерін пысықтау қажет

«Қазақстан темір жолы» көрсететін қызметтердің тарифтері қайта қаралады. Бұл туралы Үкімет отырысында Премьер-Министр Олжас Бектенов айтты.

Көрнекі сурет

«Көлік-логистика секторының мәселелеріне ерекше мән беру керек. Көлік инфрақұрылымын қолдау және дамыту ауқымды инвестиция тартуды талап етеді. Осындай шаралардың бірі – «Қазақстан темір жолы» көрсететін қызметтердің тарифтерін қайта қарау. Соған орай, «Самұрық-Қазына» қоры Көлік министрлігімен бірге жүктерді теміржол көлігімен тасымалдаудың жаңа тарифтік саясатын әзірлеуі қажет», - деді Олжас Бектенов.

Премьер-Министр облысаралық және ауданаралық бағыттардағы жолдарды орташа жөндеумен барынша қамтуға қатысты Көлік министрлігі нақты жобаларды, көрсеткіштерді және қаржыландыру көздерін айқындап, 1 желтоқсанға дейін нақты жоспар әзірлеуі тиістігін баса айтты.

«Қаражаттың мақсатқа сай жұмсалуын бақылаудың бәрі және осы жұмыстардың мониторингі Бірыңғай цифрлық платформа арқылы жүргізілуге тиіс. Өнеркәсіп министрлігімен және Бәйтерек холдингімен бірге шағын әуе кемелерін сатып алу механизмдерін пысықтау қажет», - деді Үкімет басшысы.

"Қамшы" сілтейді
Ілмек сөздер: көлік-логистика

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір