• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

17 Қыркүйек, 01:09:39
Алматы
+35°

03 Қыркүйек, 2024 NEWS

АЭС дегенде “Чернобыль” мен “Фукусиманы” еске аламыз - Елнұр Бейсембаев

Мәжіліс депутаты Елнұр Бейсенбаев Мемлекет басшысының Жолдауына қатысты пікірін айтты

Фото: ашық дереккөзден

Алдымен бір реактор болады. Оның өзі 2500- 3000 МВт тұрақты энергия береді. Кез келген инвестор күннің не желдің энергиясы үшін келмейді. Инвесторларға тұрақты энергия көзі қажет. Сондықтан әлемдік әйгілі компанияларды тартқымыз келсе, бізге тұрақты энергия көзі қажет, – деді Бейсембаев.

Депутаттың сөзінше, АЭС салу - заманның талабы.

- АЭС - өте жоғары технология. Қазіргі таңда 30 мемлекетте 200-ден астам АЭС бар. Сол станцияларды 400-ден астам реакторлар жұмыс істейді. Біз АЭС дегенде “Чернобыль” мен “Фукусиманы” еске аламыз. Алайда аталған елдер АЭС-тен бас тартып отырған жоқ. Көршіміз Қытай елі алдағы 10 жылдықта 50 реактор салайын деп жатыр, – деді мәжілісмен.

Еске салсақ, кеше Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халқына Жолдауын жариялады. Онда Президент үкіметтің ұсынысын қолдап, АЭС бойынша референдумды 6 қазан өткізуді белгіледі.

"Қамшы" сілтейді
Ілмек сөздер: АЭС Бейсембаев

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір