• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

21 Қараша, 19:51:24
Алматы
+12°
 
Шымкент қаласының азаматтық істер жөніндегі ауданаралық соты Қорғаныс министрлігінің төрт жауапкерден 25 млрд 93 млн теңге көлемінде келтірілген материалдық залалды мемлекет пайдасына өндіру туралы талап арызын ішінара қанағаттандырды.
 
 
"Жауапкерлер әскери бөлімнің техникалық аумағында №14 инженерлік оқ-дәрілерді сақтау қоймасында өрт шығуына жол бергендері, яғни олардың іс-әрекеттерінен аса ірі мөлшерде шығын келгені сотпен анықталғандықтан, келтірілген материалдық залалды ортақтасқан түрде 23 764 530 881 теңге көлемінде мемлекет пайдасына өндіру туралы шешім қабылданды. Талаптың 1 328 507 355 теңге өндіру туралы бөлігі дәлелдер болмауына байланысты қанағаттандырусыз қалдырылды" делінген сот баспасөз қызметі таратқан хабарламада.
 
2021 жылғы 26 тамызда Жамбыл облысы Байзақ ауданы Қайнар жол торабында орналасқан №28349 әскери бөлімінің инженерлік оқ-дәрілер қоймасының бірінен өрт шығып, жарылыстарға әкеліп соқтырған. Оқиға салдарынан 18 адам қаза тауып, мемлекет пен жеке тұлғаларға аса ірі мөлшерде залал келген.
"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір