• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

22 Қараша, 11:25:15
Алматы
+12°

Қаржылық мониторинг агенттігі 28.07.1986 жылы туған Ақтөбе облысы Алға қаласының тумасы Омаров Руслан Уланұлына іздеу жарияланғанын хабарлады.

Агенттік мәліметінше, ол мемлекетке 1,5 млрд теңге зазал келтірген.

"Аталған азамат жұмыстарды нақты орындамай, қызмет көрсетпей және тауар жөнелтпей, жалған шот-фактуралар жазып бергені үшін күдікке ілінген. 2011 жылдан 2013 жылға дейін Омаров Р.У. «Sunkar Logistics» ЖШС директоры ретінде әрекет етіп, контрагенттерге 4 млрд теңгеден астам сомаға жалған бухгалтерлік құжаттар жазып берген. Мемлекеттік кірістер органдарының қорытындысы бойынша, төленбеген салық түріндегі мемлекетке келтірілген залалдың жалпы сомасы 1,5 млрд теңгеден асады. Егер сіз іздестіріліп жатқан тұлғаның орналасқан жері туралы қандай да бір ақпарат білсеңіз, мына телефон нөмірлеріне хабарласуыңызды сұраймыз: +7-701-770-08-65 - іздеу бойынша, +7-7292-40-36-59 - кезекші бөлім. Сыйақы мен анонимділікке кепіл беріледі" делінген ақпараттық хабарламада.
"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір