• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

17 Қыркүйек, 00:53:36
Алматы
+35°

Астанада АЭС салу мәселесі бойынша жария талқы басталды. Бұл – референдум алдындағы соңғы жария талқы.

Талқы барысында спикерлердің басым көпшілгі энергия жетіспеушілігін тілге тиек етіп жатыр. Жиналғандар арасында АЭС салуды қолдайтын ұран жазылған қағаздар ұстаған. 

"Жақына елімізде АЭС салу бойынша референдум ұйымдастырылады. Сондықтан да бүгінгі жария талқылауда халықты алаңдатқан сұрақтар туралы талқыланып жатыр.  Бүгінгі қоғамдық кеңесте АЭС туралы түрлі пікірлер айтылды. Фукусимадағы және Чернобыль болған апат та ескертілді. Бірақ осы жағдай болғанымен жапондықтар мен ресейліктер АЭС салудан бас тартқан жоқ. Қазіргі таңда екі елде де АЭС кемінде 30% энергетикалық тұрақтылықты сақтап отыр. Сонымен қатар күні кеше  Париж қаласында Олимпиада өтті. Ал Франция 70% энергетикалық тұрақтылықпен АЭС қамтамасыз етіп отыр" – деді спикерлердің бірі Елнұр Бейсенбаев.

Айта кетейік, жария талқы осыған дейін Қазақстанның 19 қаласында өткен. 

"Қамшы" сілтейді
Ілмек сөздер: аэс

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір