31 Шілде, 2024 NEWS
Ересектер көбіне мас болып, балалар қараусыз қалғаннан суға кетіп жатыр – ТЖМ
Елімізде адамдардың шомылу кезінде суға батып кетуінің негізгі себептері аталды.
Көрнекі сурет
«Елімізде 85 мыңнан астам өзен және 48 мың көл бар. Байқағанымыз, Балқаш, Каспий басқа да үлкен су айдындарына қарағанда, кішірек өзен, көлдерде суға кету жағдайы жиі орын алады. Ересектерге келсек, көбінесе ішімдік ішкеннің кесірі, ал балалар ересектердің қарауынсыз қалғандықтан шомылудың арты қайғылы жағдайға ұласып жатады», - деді ТЖМ Азаматтық қорғаныс және әскери бөлімдер комитеті төрағасының орынбасары Ақылбек Ахметжанов Орталық коммуникациялар қызметі алаңында өткен баспасөз мәслихатында.
Сондай-ақ, ТЖМ өкілінің айтуынша, кейбір адамдар шамасына қарамай жүзгісі келеді.
Шілденің басында хабарлағанымыздай, шомылу маусымы басталғалы елімізде 70 адам суға кетіп мерт болған.
Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.
Пікір қалдыру
пікір