• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

17 Қыркүйек, 00:58:23
Алматы
+35°

30 Шілде, 2024 NEWS

Олжас Бектенов: "Мопед мәселесі уайымға айналды"

Үкімет басшысы Олжас Бектенов мопед мінгендердің жол үстінде жиі апатқа ұшырайтынын айтып, Ішкі істер министрлігіне бақылауды күшейтуді тапсырды.

Фото - zakon.kz

"Мопед мәселесі уайымға айналды" деген мақаланы оқып шықтым. Сонда көрсетілгендей биылдың өзінде мопедтердің қатысумен болған апатта 27 адам қаза тапты. Масқара дерек. Осы мәселені қалай шешіп жатырмыз? – деп сұрақ қойды Премьер-министр Олжас Бектенов.

Ішкі істер министрі Ержан Сәденов мұндай проблема барын жасырмады.

-Көбіне мопедті басқаратын жасөспірімдер мен курьерлер. Қазіргі таңда заңнамалық шараларды қабылдап жатырмыз. Бірінші - бүкіл маподтерді тіркеу жұмысын жүргізу. Кейін мемлекеттік нөмір беріледі. Яғни мопед жүргізу үшін куәлік керек болады. Қазір заң жобасы Сенатта қаралып жатыр, – Саденов.

Ведомстово басшысының дерегінше, осы уақытқа дейін 39 мың жүргізуші анықталып, жазаға тартылған.

-Оның ішінде 202 азамат кәмелетке толмағандар. Олардың ата-аналары жауапкершілікке тартылды. Жол ережелерін өрескел бұзған үшін арнайы орынға 5 мыңнан астам мопедтер қамалды, – деді ІІМ басшысы.

"Қамшы" сілтейді
Ілмек сөздер: мопед Үкімет басшысы

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір