• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

21 Қараша, 22:36:02
Алматы
+12°

22 Шілде, 2024 NEWS

Дерматология ғылыми орталығы басшысы мен орынбасары пара алды деген күдікке ілінді

Республикалық Дерматология ғылыми орталығының басшысы мен оның орынбасары сыбайлас жемқорлықпен күдікке ілінді.

Көрнекі сурет

Алматы қаласы бойынша Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметі Қазақ дерматология және жұқпалы аурулар ғылыми орталығының басшысы мен оның орынбасарына қатысты сотқа дейінгі тергеу жүргізуде.

"Олар медициналық қызметкерлердің біліктілігін арттыру бойынша қызметтер көрсетуге шарт жасасқаны үшін халықаралық жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру институтының басшысынан 5 млн теңге сомасында пара алу бойынша күдікке ілінді. Соттың санкциясымен орталық басшысы қамауға алынды", - делінген хабарламада.

Антикор тергеу жалғасып жатқанын хабарлады. Құзырлы орган мәліметінше, Қылмыстық-процестік кодекстің 201-бабына сәйкес өзге ақпарат жария етуге жатпайды. 

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір