• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

22 Қараша, 11:58:13
Алматы
+12°

Жол картасы  және  "ХАЛЫҚПЕН БІРГЕ!" бағдарламасы аясында Алматы облысы ерекше қажеттіліктері  бар адамдар үшін инфрақұрылымды  жақсартуға бағытталған жұмыстар жүргізілуде.  Биыл  330 нысанды бейімдеу жоспарлануда. Оның 35-і бойынша бүгінде жұмыстар орындалды.

Алматы облысы өмір сүру сапасын жақсартуға және барлық азаматтар үшін тең мүмкіндіктерді қамтамасыз етуге бағытталған әлеуметтік қорғау және қолдау жүйесін белсенді дамытуды жалғастыруда. Әлеуметтік бағдарламаларды одан әрі жетілдіру және инфрақұрылымды әртүрлі әлеуметтік топтарға бейімдеу қажеттілігі әлеуметтік мәселелерге жүйелі көзқарастың маңыздылығын көрсетеді.

Мысалы, отбасының цифрлық картасы арқылы Алматы облысында 90 күннен аса несиелік берешегі  бар 163 963 адамның бар екені белгілі болды.  Жыл басында банкроттыққа құжаттарды өткізу юойынша 856 өтініш берушіге түсіндіру жұмыстары жүргізілді. "Қарызсыз қоғам" бағдарламасы бойынша 604 адам, ал "Бастау бизнес" жобасы бойынша 1959 адам оқу курсынан өтті. Облыста 19 145 жаңа жұмыс орны құрылды.

Алматы облысында барлығы 42 210 мүмкіндігі шектеулі адам  тіркелген. Оның ішінде 18 жасқа дейінгі 6 662 мүгедек бала бар. 12 435 адам оңалтудың техникалық құралдарына, санаторий-курорттық емдеуге, жеке көмекшінің қызметтеріне және қимыл арқылы түсіндіру тілінің қызметтерін алуда.

Стационар жағдайында оңалту орталықтары белсенді жұмыс істеуде. Мысалы, 220 адамға арналған жалпы үлгідегі қарттар мен мүгедектерге арналған орталықта 110 адам қызмет алады.  763 орынға арналған 18 жастан асқан психоневрологиялық аурулары бар ересектерге арналған үш орталықта  бар. Бұл мекемеде  641 адам  оңалтылуда. 110 орындық психоневрологиялық аурулары бар мүгедек балаларға арналған балалар орталығы 96 мүгедек балаға қызмет көрсетеді. 50 орындық тұрмыстық зорлық-зомбылық құрбандарына әлеуметтік көмек орталығы жұмыс істейді. Дәл қазіргі уақытта  13 адамға қолдау көрсетуде. Оның ішінде үшеуі әйел, 10 бала бар. Өмірлік қиын жағдайдағы адамдарға арналған әлеуметтік бейімдеу орталығы 38 адамға қызмет көрсетеді.

Еңбекшіқазақ, Қарасай, Талғар, Іле аудандары мен Қонаев қаласының "Жанұя" орталықтарында ақпараттық-ресурстық қолдау, құқықтық әдістемелік көмек, базалық тренингтер және психологиялық көмек көрсетіледі.

Жұмыспен қамтудың белсенді шараларымен 9,5 мың адам қамтылды. "Бастау Бизнес" жобасы бойынша  1,7 мың адам онлайн-оқудан өтті. Кәсіптік оқу бойынша 226 адам білім алды.  4,6 мың адамға әлеуметтік төлемдер берілді. Жыл соңына дейін 1008 адамды жастар тәжірибесі арқылы жұмысқа орналастыру  жоспарланып отыр.

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір