26 Маусым, 2024 NEWS
Фермерлер Ресей астығын Қазақстандыкі деп Иран мен Ауғанстанға сатқан
Заңсыз астық импорты бойынша өңірдегі шаруа қожалықтарына қатысты 12 қылмыстық іс тіркелген. Оның ішінде мемлекетке 4,1 млрд теңге залал келтірген 10 қылмыстық іс сотта қаралды.
Көрнекі сурет
Павлодар облысы бойынша экономикалық тергеп-тексеру департаменті ең қауіпті әрі күдікті қаржылық операцияларды талдай келіп, 30 қылмысты анықтаған.
Бұл заңбұзушылықтар бойынша қылмыстық жауапкершілік ҚР Қылмыстық кодексінің 216-бабында айқын көрсетілген. Келген залал 6 миллиард теңгеден асқан.
Оның 300 миллион теңгесі тергеу процесі кезінде өтелді.
— Ресейде өндірілген астықты үлкен көлемде елге әкеліп, жалған шот-фактура жасау арқылы Таяу Шығыс елдеріне қазақстандық өнім ретінде экспортқа шығарып жатқандар анықталды. Олар өнімді көбіне Ауғанстан, Иран, Тәжікстан сияқты мемлекеттерге жібереді. Бұл біздің отандық экономикамызға, өңіріміздің шаруа қожалықтарына айтарлықтай зиян келтіріп отыр. Өзіміздің өнімдеріміз шетелге шықпай қалады немесе сатылған күнде де бағасы төмендеп кетеді. Сондықтан да мұндай заңсыз іс-әрекеттер біздің ұлттық экономикамызға үлкен залал келтіреді, — дейді Павлодар облысы бойынша экономикалық тергеп-тексеру департаментінің басшысы Ерік Есенов.
Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.
Пікір қалдыру
пікір