• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

23 Қараша, 15:19:05
Алматы
+12°

29 Мамыр, 2024 Алматы

Алматы қаласында инвестициялық ынтымақтастықтың мүмкіндіктері артып келеді

Алматы қаласының әкімі Ерболат Досаев Pacific Construction Group компаниясының президенті Сонг Шаотинмен кездесті.

Gov.kz

Кездесуде инвестициялық ынтымақтастықтың мүмкіндіктері талқыланды. Экономиканың дамуын, экономикалық өзін-өзі қамтамасыз ету, экономиканы әртараптандыру, инвестиция тарту, сауда-экономикалық ынтымақтастық, қазақстандық өнімнің сапасын арттыру мақсатында еліміздетиісті деңгейде жұмыстар атқарылып келеді.

Соның ішінде, Алматы қаласында атқарылып келе жатқан жұмыстарға тоқталсақ, қала әкімі Ерболат Досаев сауда-ынтымақтастық, инвестиция тартуға қатысты өзге мемлекеттердің өкілдерімен жиі кездесу өткізіп тұрады. Мәселен, жуырда қала  әкімі Ерболат Досаев Pacific Construction Group компаниясының президенті Сонг Шаотинмен  кездесіп,  көлік инфрақұрылымы BRT, LRT, Metro, сумен жабдықтау, су бұру объектілерін салу және секілді тағы басқа салалардағы инвестициялық ынтымақтастық перспективаларын талқылады. Одан бөлек,  2023 жылы Алматы мен Қытай арасындағы тауар айналымы 22 пайызға ұлғайып, 9,4 миллиард АҚШ доллары (2022 жылы 7,7 миллиард АҚШ доллары). Бүгінгі таңда қалада қытай капиталының қатысуымен 1 914 кәсіпорын жұмыс істейді (Қазақстан Респуликасы – 3 427 кәсіпорын). Кездесудің қорытындысына сәйкес,  тараптар екіжақты қарым-қатынастарды одан әрі нығайтуға және өзара тиімді серіктестікке дайын екендіктерін білдірді.

Жалпы Pacific Construction Group Қытай халық Республикасындағы ең ірі жеке құрылыс компаниясы саналады. Штаб-пәтер 1986 жылы Шыңжаңдағы Үрімші қаласында құрылған. Көп жылдан бері компания Fortune Global-дің 500 тізіміне еніп, әлемдік құрылыс индустриясында бастапқы орынға ие болды. Олардың кызметтегі негізгі бағыты – жолдарды, көпірлерді, порттарды мен өнеркәсіптік объектілерді салумен қатар ірі инфрақұрылымдық жобаларға инвестор болып келеді. Одан бөлек, компания Шанхай–Нанкин, Шанхай– Чжухай, Пекин–Шанхай, Пекин–Гонконг, Ляньхуо, Қытай провинцияларындағы қалалардың көлемді құрылыстарына қатысқан.

Осы тақырыпқа сай, бұдан бөлек, Алматы қаласының әкімі халықаралық қаржы ұйымы (IFC) «жасыл облигациялармен» ұзақмерзімді коммерциялық сыртқы қаржыландыруға қолжетімділікті ұлғайту жөніндегі ынтымақтастық туралы Келісімге қол қойды. Келісім барысында IFC ұлттық валютада ұзақмерзімді сыртқы қарыз алуды тарту үшін заңнамалық базаны жетілдіру мақсатында қала әкімдігіне өтеусіз техникалық қолдау көрсетуді жалғастырып келеді. Бүгінгі таңда Орталық Азиядағы алғашқы мануципалдық «жасыл облигация» түрінде әлеуетті сыртқы қаржыландыру бойынша пилоттық транзакцияны дайындау жалғасып келеді. Бұл жұмыс тұрақты және жасыл инфрақұрылым қалыптастыруды талап ететін Алматы агломерациясын дамыту жөніндегі мемлекеттік саясатқа сәйкес атқарылуда. Бұл жұмыс тұрақты және жасыл инфрақұрылым қалыптастыруды талап ететін Алматы агломерациясын дамыту жөніндегі мемлекеттік саясатқа сай келеді. Бұдан бөлек, Алматы қаласында инвестициялық ынтымақтастық барысында жұмыстар жалғасын табуда.

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір