26 Сәуір, 2024 NEWS
Фото: Ашық дереккөз
Қазақстанда мемлекеттік елтаңбаны өзгерту мәселесі бойынша сарапшылар тобы құрылады. Бұл туралы премьер-министр Олжас Бектенов мәлімдеді.
"Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың ұлттық құрылтайда алға қойған міндеттерін жүзеге асыру бойынша кешенді іс-шаралар жоспары бекітілді. Қазіргі таңда мемлекеттік елтаңбаны өзгерту мәселесін талқылау үшін депутаттар мен қоғам қайраткерлері, тарих, филология, археология, антропология және әлеуметтану саласының ғалымдары арасынан сарапшылар тобы жасақталып жатыр”, – деп мәлімдеді ол.
Барлық аспектілерді объективті қарастыру үшін мәдениет және ақпарат министрлігі жанынан комиссия құру жоспарланып жатыр.
Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.
Пікір қалдыру
пікір