• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

19 Мамыр, 08:09:07
Алматы
+35°

Астана сотында бұрынғы ұлттық экономика министрі Қуандық Бишімбаев пен оның туысы Бақытжан Байжановқа қатысты сот процессі жалғасып жатыр. Бүгінгі сот отырысында айыпталушылар соттағы соңғы сөзін айтты.  

Бишімбаев соңғы сөзінде Құдайға сенетінін, Салтанаттың өлім аузында жатқанын білмегенін мәлімдеді. 

"Ата-анам мен туыстарымның ешқандай кінәсі жоқ. Бұған тек мен кінәлімін. Мені ұстаған сәттен бастап тек шындықты айттым, жауапкершіліктен қашуға тырыспадым. Ұсталғаннан бірнеше күн өткен соң маған "аса қатыгездікпен қасақана кісі өлтірді" деген айып тағылды. Мұны растайтын ешқандай дәлелдің, сараптаманың болмауына қарамастан осындай айып тақты", – деді ол.

Ал "кісі өлтіру фактісін жасырды" деп айыпталған Бақытжан Байжанов Салтанат Нүкенованың туыстарына көңіл айтты.

 

"Қамшы" сілтейді
Ілмек сөздер: бишімбаев байжанов

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір