06 Мамыр, 2024 Барлық аймақтар
Ресей Украина президенті Владимир Зеленскийге іздеу жариялады
Ресей ішкі істер министрлігі Украина президенті Владимир Зеленскийге іздеу жариялады. Дерекқордағы ақпаратқа "РИА Новости" назар аударды, - деп хабарлайды Qamshy.kz ақпарат агенттігі Азаттық радиосына сілтеме жасап.
Фото: ашық дереккөзден
Зеленскийге қандай қылмыстық бап негізінде іздеу жарияланғаны және оның аты-жөні іздеу қорына қашан енгізілгені белгісіз.
2022 жылы сәуірде Ресей тергеу комитетінің жетекшісі Александр Бастрыкин Зеленскийдің BBC-ге берген сұхбатында айтқан "Украинаның Ресеймен соғысқа алдын ала дайындығы" туралы сөзін тексеруді тапсырған. Тексеру нәтижесі хабарланбады.
Украинаның бұрынғы президенті Петр Порошенкоға да іздеу жарияланған.
Кейінгі бірнеше айда Ресейде Украинаның қазіргі және бұрынғы басшыларына іздеу жарияланған. 3 сәуірде іздеу қорында Украинаның ұлттық қауіпсіздік және қорғаныс кеңесінің жетекшісі Александр Литвиненко бары белгілі болған.
Іздеу қорында сонымен бірге Украина қорғаныс министрлігіне қарасты барлау басқармасының жетекшісі Кирилл Буданов, Украина қауіпсіздік қызметінің жетекшісі Василий Малюк, Украина қауіпсіздік қызметінің бұрынғы жетекшілері Валентин Наливайченко және Василий Грицак та бар.
Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.
Ұсынылғандар
Пікір қалдыру
пікір