• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

21 Қараша, 22:59:39
Алматы
+12°

Мәдениет министрлігі ескерткіш орнату туралы құжат жобасын жариялады. Ережеге сәйкес ескерткіштер тарихи тұлғалар мен тарихи күндерге, атаулы күндерге орай орнатылуы тиіс. Ал ескерткіш қойылған адам республикалық ономастика комиссиясы бекіткен тарихи тұлғалар тізімінде болуы керек.

“Ерекше тұлғаға ескерткіш қайтыс болғанынан бес жыл өтпей қойылмайды. Тек мемлекеттің тәуелсіздігін нығайтып, маңызы бар тарихи оқиғаға үлес қосқан, батырлық пен қайсарлық танытқандарға қоюға рұқсат етіледі”, – делінген құжат жобасында.

Ескерткіштер жеке ұйым аумақтарында және жеке меншік иелері мен пайдаланушыларға тиесілі учаскелерде орнатылмауы керек.

"Жергілікті атқарушы органдар құрылыс салу туралы ұсынысты уәкілетті органға ұсынады. Оған бөлінетін қарсы расталып, жер учаскесін бөлу туралы шешім шығып, тарих және мәдениет ескерткіштерін қорғау жөніндегі комиссияның хаттамасы болуға тиіс", – делінген ережеде.

Құжатты талқылау 20 жылдың 21 мамырына дейін жалғасады.

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір