• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

27 Сәуір, 18:07:59
Алматы
+35°

Сурет: e-history.kz сайтынан алынды.

2025 жылы "Сырдария-Ферғана дәлізі" трансұлттық номинациясын ЮНЕСКО-ның Бүкіләлемдік мұра тізіміне енгізу қарастырылады. "Далалық ғибадаттық архитектура" аталатын Қазақстанның ежелгі кесенелері, мешіттері (Домбауыл, Алаша хан, Айша бибі, Арыстан баб, Бабаджа хатун, Абат Байтақ кесенелері және басқалар) бойынша номинация құжаттарын әзірлеу қарастырылатын болады. Бұл туралы премьер-министрдің орынбасары Тамара Дүйсенова айтты. 

–Ұлттық тарихымыздың түпкілікті негізін құрайтын деректер қоры болып табылатын тарихи-мәдени мұра объектілерін қорғау мақсатында бірқатар жұмыстар атқарылуда. Атап айтқанда мемлекеттік республикалық маңызы бар тарих және мәдениет ескерткіштерінің тізіміне енгізілген Ысқақ баб, Қарашаш ана, Ибрагим ата кесенелерінде, Қызыр мұнарасында 2023 жылы олардың сақталуын қамтамасыз ету мақсатында ғылыми-реставрациялар жүргізілді. Сонымен қатар, мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес Қазақстанның  тарихи-мәдени мұрасының бірегей объектілерін ЮНЕСКО-ның Бүкіләлемдік мұра тізіміне енгізу жұмыстары пысықталуда, – дейді ол.

Айта кетсек,  Ұлы Жібек жолының Ферғана-Сырдария дәлізі 16 ескерткішті қамтиды. Олардың сегізі Түркістан облысының аумағында орналасса, қалған сегізі Қызылорда облысында орналасқан. Яғни, оларға Жанкент қалашығы, Кескен-күйік, Шірік-Рабат, Бәбіш-мола, Жанқала, Сығанақ, Жетіасар оазисі, Баланды қонысы. Оңтүстік өңірдегі жәдігерлер қатарына Жуантөбе, Қараспан, Сидақ, Түркістан, Сауран, Отырар оазисі, Күлтөбе, Бөріжар бейіттері жатады.

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір