• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

17 Қыркүйек, 01:13:33
Алматы
+35°

28 Ақпан, 2024 Барлық аймақтар

Теріс қылық жасаған мемқызметкерді 2 жылға дейін қызметінен шеттету ұсынылды

Мәжілістің жалпы отырысында мемлекеттік қызметшілерге қатысты заң жобасы бірінші оқылымда қаралып жатыр.

ашық дереккөзден алынды

    Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің төрағасы Дархан Жазықбай "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне оларды Қазақстан Республикасы Конституциясының нормаларына сәйкес келтіру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" заң жобасын бірінші оқылымда таныстырды.

    - Заң жобасы мемлекеттік қызмет туралы заңның бірнеше бабына түзету енгізуді қамтиды. Мерзімсіз тыйым салудың орнына мемлекеттік қызметке кір келтіретін тәртіптік теріс қылық жасағаны үшін жұмыстан шығарылған азаматты мемлекеттік қызметке қабылдауды шектеудің 2 жылдық мерзімі белгіленеді, - деді ол.

   Яғни, заң жобасынде мемлекеттік қызметке кіру кезіндегі шектеулерді салааралық саралау көзделген. Шектеулер бойынша нормалардың редакциясы өзгергендіктен 59 және 61-баптарға түзетулер мен заңның 16-бабының ережелеріне тиісті сілтемелер жасалды. Сондай-ақ келісімшарттағы қызметкерлер бойынша да нормалар 16-бапқа сәйкестендірілген.

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір