06 Ақпан, 2024 Саясат
Премьер-министрдің орнына кімнің кандидатурасы ұсынылатыны белгілі болды
Мемлекет басшысына "Amanat" партиясының атынан Премьер-министр лауазымына кандидатура ұсынылды.
Ашық дерекөзден алынды
Президент Қасым-Жомарт Тоқаевқа Парламент Мәжілісінің және "Amanat" партиясының төрағасы Ерлан Қошанов Премьер-министр қызметіне Олжас Бектеновтің кандидатурасын ұсынды.
Қолданыстағы заңнамаға сәйкес, Мемлекет басшысы ұсынылған кандидатураны Мәжілістегі партиялардың фракцияларымен жуық арада талқылайды.
Айта кетсек, 7 ақпанда Қасым-Жомарт Тоқаевтың төрағалығымен кеңейтілген отырысы өтуі тиіс Үкімет екі күн бұрын, яғни 5 ақпанда отставкаға кетті.
Үкімет басшысы міндетін уақытша атқару Роман Склярға жүктелген еді.
Олжас Бектенов 1980 жылы 13 желтоқсанда Алматы қаласында дүниеге келген. Мамандығы – заңгер. Еңбек жолын Алматы қаласы әділет басқармасында бас маманы болып бастаған. ҚР Президент әкімшілігі, Әділет министрлігі, ҚР экономикалық қылмыс және сыбайлас жемқорлық қарсы күрес агенттігінің орталық аппаратында түрлі қызмет атқарған. Ал 2022 жылы ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің төрағасы болды. Содан кейін ҚР Президенті Әкімшілігінің басшысы болып тағайындалған еді.
Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.
Ұсынылғандар
Пікір қалдыру
пікір