25 Қаңтар, 2024 NEWS
Тоқаев Алматыдағы зілзала туралы: Дабыл қосылмағаны дұрыс шешім болды
Тоқаев ел аумағының үштен бір бөлігінде жер сілкінісі қаупі бар екенін айтқан.
Фото: Ашық дереккөз
Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың төрағалығымен Алматы қаласында сейсмикалық қауіпсіздікті қамтамасыз ету мәселелері жөнінде кеңес өтті, деп хабарлайды Ақорда. Қасым-Жомарт Тоқаев жиында Алматыдағы зілзалаға қатысты пікір білдірді.
Жиынға президент әкімшілігі мен қауіпсіздік кеңесінің басшылығы, үкімет мүшелері, қалалар мен облыстардың әкімдері, сондай-ақ аймақтардағы төтенше жағдайлар департаменттерінің жетекшілері қатысқан. Тоқаев ел аумағының үштен бір бөлігінде жер сілкінісі қаупі бар екенін айтқан.
Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.
Пікір қалдыру
пікір