• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

20 Қыркүйек, 13:33:15
Алматы
+35°

20 Желтоқсан, 2023 NEWS

Болат Атабаев жайлы деректі фильм түсірілді

Деректі фильмнің тұсаукесері 21 желтоқсанда өтеді.

Фото: Ашық дереккөз

Журналист Қанат Тілеуханның марқұм театр режиссері, драматург, қоғам қайраткері Болат Атабаев туралы "Мың жылдық ойын" атты деректі фильм көрерменге жол тартатынын хабарлады. Бұл туралы журналист өзінің фейсбук парақшасында жазды. 

“Енді өздеріңіздің назарларыңызға ұсынғымыз келеді. Осы Фейсбукте алғаш айтылды. Қолдау да тапты. Сол үшін Мақсат Толықбай бауырыма тәңір жарылқасын дейміз.

Әдетте, премьераны кассалық көркем фильмдер жасап жатады. Деректі фильм шеттеп қалғалы қашан. Бірақ бұл өте қажет дүние.

2021 жылы Болат Атабаевтың 70 жылдығы еді. Соған орай түсірсе деген әуелде ой болған. Бірақ оның реті биыл келді.

Болат ағамен алғаш телевидениенің жаңалықтар қызметінде жүрген кезде танысып едім. «Қазақ журналистері сиыр сияқты шорылдатып сигендей ғып жазуды қашан қоясыңдар. Проблеманы бірден нақты жазбайсыңдар ма» дейтін. «Мың жылдық ойынды» бітіріп алып, бірнеше рет қарап шықтық. Болат аға өзі көрсе, не болар едік деп ойлап кеттім де шошып кеттім”, – деп жазды Қанат Тілеухан.

Премьераның уақыты: 21 желтоқсан, сағат 18:30-да. Мекен жайы: Алматы қаласы, Бәрібаев көшесі 36, Трансформ өнер кеңістігі. Кіру тегін. 

"Қамшы" сілтейді
Ілмек сөздер: Болат Атабаев

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір