26 Қыркүйек, 2023 Барлық аймақтар
Атырау әкімдігінің бұрынғы бөлім басшылары ұсталды
Атырауда жер қатынастары, сәулет және Атырау қаласы әкімі аппараты бөлімдерінің бұрынғы басшылары қамауға алынды, деп хабарлайды ҚР Бас прокуратурасының баспасөз қызметі.
Фото: ашық дерек көздерінен алынған
Лауазымды тұлғалар жер учаскелерін бөлу және олардың нысаналы мақсатын анықтау кезіндегі алаяқтық әрекеттері үшін күдікті деп танылды.
Прокуратура бұл фактіні ҚК 190-бабының 4-бөлігінің 2-тармағы (аса ірі мөлшерде жасалған алаяқтық) және ҚК 361-бабы (лауазымдық өкілеттіктерді теріс пайдалану) бойынша тіркеді. Облыс прокуратурасы сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізуде.
Қазақстан Республикасының Қылмыстық-процестік кодексiнің 201-бабына сәйкес өзге ақпарат жарияланбайды.
Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.
Пікір қалдыру
пікір