• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

21 Қараша, 23:31:08
Алматы
+12°

21 Қыркүйек, 2023 Барлық аймақтар

ҰҚК-нің бұрынғы бірінші орынбасары Самат Әбішке қатысты тергеу басталды

Бас прокуратура Ұлттық қауіпсіздік комитетінің бұрынғы бірінші орынбасары Самат Әбішке қатысты тергеу басталғанын хабарлады.

Фото: ашық дерек көздерінен

Бас прокуратураның Арнайы прокурорлары Ұлттық қауіпсіздік комитеті төрағасының бұрынғы бірінші орынбасары Самат Әбішке қатысты «қаңтар оқиғалары» кезінде билік пен лауазымдық өкілеттіктерді асыра пайдалану фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізуде.

Берілген ақпараттар бойынша тергеу құпия құжаттаманың едәуір көлемін зерделеумен байланысты болмақ. 

ҚР ҚПК-нің 201-бабына сәйкес тергеу мүддесінде сотқа дейінгі тергеп-тексерудің өзге де деректері жария етілуге жатпайды.

Сонымен қатар, хабарламада қадағалау ведомствосы Конституция нормаларына сәйкес заң мен сот алдында бәрі тең екенін атап өтілген.

Тергеу қорытындысы бойынша заңды іс жүргізу шешімі қабылданатын болады.

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір