• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

17 Қыркүйек, 00:06:49
Алматы
+35°

Азамат Мұсағалиев жетекшілік ететін ресейлік «Камызяки» КВН командасының концерті  Қазақстанда өтпейтін болды. Бұл туралы концерт ұйымдастырушылары хабарлады.

Онлайн-платформалар өкілдерінің айтуынша, ұйымдастырушылар билет сатылымын жабу туралы шешім қабылдаған. 

«Камызяки» тобының әртістерінің әрекеттеріне қатысты қоғамдағы жағымсыз пікірлерді ескере отырып, ұйымдастырушылар тобы «Камызяки» командасының жеке концерттерінің бүкіл Қазақстан бойынша гастрольдік сапарын тоқтату туралы шешім қабылдады», - делінген хабарламада.

Билеттерді қайтару мәселесіне қатысты қазақстандықтар сатып алу үшін төлем жасаған билет операторларына хабарласа алады.

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір