17 Шілде, 2023 NEWS
Фото: Ашық дереккөз
Сарыағаштағы 5 жасар қызды жауыздықпен өлтірді деген күдікті 2 айға қамауға алынды. Бұл туралы адвокат Талғат Есімов хабарлады.
Адвокаттың айтуынша, егер тергеу амалдары екі ай ішінде аяқталмаса, қамауға алу мерзімі іс сотқа жіберілгенге дейін ұзартылады.
Еске сала кетейік, 13 шілдеде Түркістан облысының Сарыағаш ауданындағы Жібек ауылында 5 жастағы қыз жауыздықпен қаза тапқан. Жеткіншекті 1975 жылғы көршісі өлтірді деген күлікке ілінді. Ол бұған дейін де кісі өлтіргені үшін айыпталып, 10 жылға сотталған.
Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.
Пікір қалдыру
пікір