13 Маусым, 2023 NEWS
Фото: Ашық дереккөз
Астанада ереуілге шыққан БерАли Мангистау Company қызметкерлері басқа компанияға жұмысқа тұруға келісті.
Олар енді Мөлдір Мұнай Сервис ЖШС–де жұмыс істейтін болады. Бұл туралы Өзенмұнайгаз компаниясының баспасөз қызметі хабарлады.
"Компанияның бұрынғы қызметкерлерін жұмысқа орналастыру ҚазМұнайГаз ҰК АҚ қағидалары шеңберінде қатаң түрде жүргізіледі. Өзенмұнайгаз АҚ барлық мәселені заңнама шеңберінде шешуді қолдайды" – делінген хабарламада.
Жаңа жұмыс орнында олардың бұған дейінгі еңбек жағдайлары толық сақталады.
Еске сала кетейік, 11 сәуірде бір топ жаңаөзендіктер Астана қаласындағы Энергетика министрлігі ғимаратының жанында пикет ұйымдастырған болатын. Олардың наразылыққа шығуына жұмыссыздық себеп болған. "Бералы Маңғыстау" компаниясы тендерден ұтылып, жұмыс орындарынан айырылған мұнайшылар Энергетика министрлігінің алдына түнеген. Кейін арнайы комиссия құрылып, мұнайшылармен келіссөз жүргізілетінін хабарлаған болатын.
Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.
Пікір қалдыру
пікір