16 Мамыр, 2023 NEWS
Фото: Ашық дереккөз
Мәжіліс онлайн платформалардың жұмысына қатысты заң жобасын жұмысқа алды, деп мәлімдеді Айдос Сарым.
"Бүгін Мәжіліс 7 депутат ұсынған "онлайн платформалар" мен "онлайн жарнама" туралы заң жобасын жұмысқа алды. Заң жобасының негізінде салық және қаржы органдары тиісті органдармен жұмыс істеуге мүмкіндік алады. Бұл – әлеуметтік әділет мәселесі. Мысалы журналистер еткен еңбегі үшін салық төлейді. Алайда көптеген азаматтар заңдағы олқылықты пайдаланып, қалталарын қалыңдатып алды. Бұл заң қабылданатын болса, онлайн платформалардың жұмысы реттеледі", – деді ол.
Айдос Сарымның айтуынша, қолданушылар саны артқан әлеуметтік платформа бірқатар мәселені қамтуы керек болады.
"Кез келген әлеуметтік желінің контенті орыс тілінде жазылып, испан тіліне аударылса, қазақ тіліне де солай аударылуы керек. Қазақ тілінде заңсыз контент болса, өздері модерация жасай алуы керек. Яғни қазақша білетін маман болуы керек. Жалған ақпарат берушілер де бақылауға алынады. Кейбір азаматтар қайырымдылыққа деп халықтан млрд-таған қаражат жинап жатады. Ол қайда кеткенін ешкім есептемейді, салық та төленбейді. Қоғамдық тыңдаулар өткіземіз. Кейін жұмыс тобы құрылуы керек»", – деді ол.
Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.
Пікір қалдыру
пікір