• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

17 Қыркүйек, 00:23:30
Алматы
+35°

Қазақстан 26 елмен визасыз режим енгізу туралы келіссөздер жүргізіп жатыр. Тізімде Австрия, Сауд Арабиясы, Сан–Марино, Бахрейн секілді елдер бар. Сонымен қатар, БАӘ–мен жеңілдетілген виза беру мәселесі талқылануда.

"Шетелдік саяхатшылардың Қазақстанға қызығушылығы жоғары. Сол себепті біз еліміздің туристік әлеуетін толық ашу үшін жүйелі түрде жұмыс істеп жатырмыз. Туристер ағынын ұлғайту мақсатындағы іс–шаралар да бар", – деді ҚР Мәдениет және спорт министрлігінің ресми өкілі Мөлдір Әбдуалиева. 

Ведомство өкілдері визасыз режим туристтердің келуін 20–30 пайызға арттыратынын айтады. Келісімге қол қою 18–19 мамырда, Сиань қаласында өтеді.

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір