• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

21 Қараша, 22:39:00
Алматы
+12°
20 сәуірде сағат 11 ге белгіленген ҚазМұнайГаз бен жаңаөзендік мұнайшылар арасындағы келіссөз өтпей қалды. ҚМГ мұнайшыларға  комиссия құрылып, Жаңаөзенге аттанғанын айтқан, деп хабарлады Азаттық радиосы.
 
"Комиссия құрамына кімдер кіргені, не мақсатпен құрылғаны белгісіз" – дейді мұнайшылар. Сонымен қатар, жаңаөзендіктер бір күн бұрын "мұнайшыларға тендер ұтқан мекемелерден тұрақты жұмыс ұсындық, бірақ олар бас тартты" деген ҚМГ төрағасының сөзін терістеп, наразы болды.
 
"ҚМГ басшысы бізді тұрақты жұмыстан бас тартқандай қылып отыр. Біз Өзенмұнайгазға еншілес мекемелердегі жағдайды жақсы білеміз. Ондағы еңбек жағдайы, техника қауіпсіздігі сақталмайды. Техника, құрал–жабдық ескіріп кеткен. Былтыр "Кезбиде" еңбек қауіпсіздігі сақталмағандықтан, бір машинист жанып кетті. Біз сол мекемелерде еңбек стандарты сақталғанын талап етеміз. Одан кейін бірыңғай еңбекақы жүйесін енгізу керек. ӨМГ ға еншілес мекемелердегі жұмысшылар бір жұмыс атқарғанымен, әртүрлі жалақы алады. Біз бір жұмыс, бір жалақы болғанын талап етіп отырмыз” – деді мұнайшылардың бірі.
 
Сондай–ақ, мұнайшылар Астанадағы келіссөзге қатысты конференция өткізетінін айтып отыр.
"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір