• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

21 Қараша, 22:27:26
Алматы
+12°

Жаңаөзендегі тұрғын үйлердің бірінде жарылыс болды. Жарылыс салдарынан 11 адам зардап шегіп, бір адам қаза тапқан. Төтенше жағдайлар департаментінің мәліметінше оқиға 17 сәуір күні Астана уақытымен таңғы сағат 5:00 шамасында болған.

“Жаңаөзен қаласындағы 2 ші шағынауданда қос қабаттан тұратын 12 пәтерлі  тұрғын үйде газ жарылды. Оқиғаның салдарынан тұрғын үй кіреберісінің 150 шаршы метрі қираған”, – делінген хабарламада

Жарылыстан кейін өрт болмаған. Зартап шеккендер медицина қызметкерлеріне тапсырылды. 

"Оқиға орнын аршу жұмыстарына Маңғыстау облысы Төтенше жағдайлар департаментінің 50 ден астам құтқарушы, 10 техника, жедел медициналық көмек және жергілікті атқарушы органдардың қызметкерлері жұмылдырылды", – деп мәлімдеді ТЖД өкілдері. 

Қазір қызметкерлер оқиғаның себебін анықтап жатыр. 

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір