07 Сәуір, 2023 NEWS
Фото: Ашық дереккөз
Антарктида ғылыми зерттеу институты мамандары биыл мұздықтың рекордтық көрсеткіште ерігенін мәлімдеді.
"Соңғы уақытта жер бетіндегі ауа температурасы өзгеріп, мұздықтар көз ілеспес жылдамдықта еріп барады. Соның салдарынан жер бетіндегі су мөлшері артып жатыр",– деп дабыл қақты олар.
Желтоқсан–апқан айларындағы зерттеу нәтижесінде Антарктидадағы мұз жамылғысының жалпы ауданы 1,8 миллион шаршы метрді құраған. Бұл ғалымдарды қатты алаңдатып отыр. Себебі жылда осы уақытта кемі 3 миллион шаршы метр мұз қататын.
Еске сала кетейік, былтыр мұз қабатының еруі салдарынан Антарктида аумағы 93 мың шаршы метрге қысқарғаны анықталған болатын.
Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.
Пікір қалдыру
пікір