• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

17 Қыркүйек, 00:12:51
Алматы
+35°

Қаңтар айының қорытындысы бойынша елде азық-түлік бір айда 1,4 пайыз, жылдық менде 25,7 пайыз қымбаттаған. Бұл туралы energyprom.kz сайты хабарлады.

Бір айда азық-түлік бағасы Астана мен Шымкентте айтарлықтай (2,2%) қымбаттаған. Жылдық динамика бойынша Маңғыстау облысында азық-түлік тауарлары бірден 31, пайызға өскен. Одан кейін Түркістан облысы (27,4% қымбаттады) және Шымкентте (27,2%) қымбатшылықтың жоғары шегі тіркелген. Бағаның ең төменгі өсімі Алматы облысында (23,8%) тіркелген.

 

"Жеміс пен көкөніс бір айда 4,5%, бір жылда 21,2% қымбаттады. Соның ішінде жеміс бір айда 1,6%, бір жылда 19,7%, ал көкөніс бір айда 10,2%, бір жылда 21% қымбаттады. Жемістердің ішінде кептірілген өрік (62,3%, 4 мың теңгеге дейін), банан (45,2%, 895 теңгеге дейін), апельсин (30,5%, 1 мың теңгеге дейін), алма (12,4%, 547 теңге дейін) және лимон (8,5%-ға, 1,2 мың теңгеге дейін) қымбаттады. Көкөністердің ішінде пияз (62,4%, 143 теңгеге дейін), қияр (55,6%, 1,1 мың теңгеге дейін), қызанақ (20,3%, 821 теңгеге дейін), картоп (9,8%, 157 теңгеге дейін), қызылша (1,9%, 242 теңгеге дейін) және сәбіз (1,2%, 149 теңгеге дейін) қымбаттады" делінген хабарламада.

Сүт өнімдерінің бағасы өткен аймен салыстырғанда 1,2%-ға өскен. Ет бір айда 0,5%, бір жылда 16,9% қымбаттаған.

Ал ұн бағасы бір айда 0,7%, бір жылда 42,8%, нан бір айда 0,3%, бір жылда 19,2%, макарон өнімдері бір айда 0,9%, бір жылда 42,3%-ға өскен.

"Қамшы" сілтейді
Ілмек сөздер: қымбатшылық

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір