Фото: Ашық дереккөз
Солтүстік Қазақстан облысының әкімі Айдарбек Сапаров халық арасында қандай мамандар сұранысқа иә екенін айтты, деп жазады Петропавловск.news.
Айдарбек Сапаровтың айтуынша биыл облыста 10 мың жұмыс орны ашылып, 24 мың адамды жұмыспен қамту жоспарланған.
Қазір СҚО-дағы зауыттарда "токарь" мен дәнекерлеуші мамандары жетіспейді. Сондықтан облыс әкімі аталған мамандықтар бойынша қысқа мерзімді курстар ұйымдастырып, бірінші жартыжылдықта маман жетіспеушілігін тоқтату тапсырды.
"Құрылыс жұмыстарына тас қалаушылар жетіспейді. Бұл мамандықты 2 айда игеруге болады. 1 метр жерге кірпіш қалау 18 мың теңге тұрады. 5 шаршы метр кірпіш қалап, күніне 90 мың табуға болады. Ал бізге маман жетіспейді. Мұндай мамандықтар халық арасында кеңінен насихатталуы қажет", деп мәлімдеді Айдарбек Сапарқұлов.
Солтүстік Қазақстанда халықтың 6%-ға жуығы күнкөріс деңгейінен төмен жалақы алады. Ауылдарда жұмыссыздық деңгейі артқан. Әсіресе Мағжан Жұмабаев, Ғабит Мүсірепов, Есіл және Аққайың аудандарында жұмыссыздық көбейген.
Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.
Пікір қалдыру
пікір