• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

23 Қараша, 14:54:12
Алматы
+12°

Фото: Инга Иманбайдың facebook парақшасынан

 
Бүгін сотта прокуратура оппозициялық белсенді Жанболат Мамайға жаңа айыптау актісін оқып, оған Қаңтарда «жаппай тәртіпсіздік ұйымдастырды» деген ауыр бапты ілді. Бұл туралы құқыққорғаушы, белсендінің келіншегі Инга Иманбай хабарлады.
 
Сот шешімі бойынша кінәлі деп танылған адамды 10 жылға дейін бас бостандығынан айыруды көздейтін айып тіркелмеген Демократиялық партия жетекшісіне бұған дейін де тағылып, кейін алынып тасталған.
 
Инга Иманбай айыптың алынуын халықаралық ұйымдардың Қазақстан билігіне қысым көрсетуімен және ел ішіндегі жұртшылық наразылығымен байланыстырады. Алайда прокуратура ауыр айыпты қайта тағып отыр.
 
 
"Бұл Жанболат Мамайға қарсы жасалып отырған саяси астары бар қудалау деп санаймыз. Міне, он бір айдан асты, оған қылмыстық кодекстің түрлі баптарын ілді, бірін алып тастады, енді бірін қайтарып отыр. Жанболаттың жаппай тәртіпсіздік ұйымдастыруға еш қатысы жоқ. Оның барлық сөздері, қимыл әрекеті тікелей эфирде көрсетілді, елдің алдында жүрді өзі де" дейді Инга Иманбай. 
 
Жанболат Мамай 2022 жылғы ақпан айында қаңтар оқиғасының 40 күндігіне орай өткен қаралы митингтен кейін ұзамай ұсталып, қарашаға дейін тергеу изоляторында қамауда отырған. Оған о баста жаппай тәртіпсіздік ұйымдастырды, полицияға тіл тигізді, жалған ақпарат таратты деген айыптар тағылған. Былтыр қазан айының соңында жаппай тәртіпсіздік ұйымдастырды деген айып бейбіт жиын өткізу тәртібін бұзды деген жеңілірек айыпқа ауыстырылғаны белгілі болды. Ал 2 қараша күні сот оған қатысты бұлтартпау шарасын өзгертіп, тергеу изоляторынан үйқамаққа жіберген. Содан бергі сот отырыстары жалғасып келеді.
"Қамшы" сілтейді
Ілмек сөздер: Жанболат Мамай

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір