• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

17 Қыркүйек, 01:31:21
Алматы
+35°

Бұған дейін экс-президент Нұрсұлтан Назарбаевқа берілген "құрметті сенатор" атағы сенат регламентінен алынып тасталды. Бұл туралы Сенат төрағасы Мәулен Әшімбаев хабарлады. 

вмм

"Біз регламенттен құрметті сенатор атағын алып тастадық. Бізде қазір ондай институт жоқ. Бұл шешімді қабылдауымыздың себебі, біздің халық референдумда дауыс берді. Тұңғыш президент туралы жарлық Конституциядан алынып тасталды. Бұл – халықтың шешімі", - деді Сенат спикері Мәулен Әшімбаев.

Сенат төрағасы бұл атақ тек бір адамға, Нұрсұлтан Назарбаевқа берілгенін айтты. Бірақ "Құрметті сенатор" атағы заңмен бекітілмеген, тек сенаттың регламентіне ғана енгізілген. 

"Ары қарай бұндай атақ ешкімге берілмейді. Өйткені бізде қазір ондай құқықтық негіз жоқ, алып тастадық", - деп атап өтті Әшімбаев.
 
"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір