• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

17 Қыркүйек, 00:49:12
Алматы
+35°

Қазгидромет демалыс күндері ел аумағының басым бөлігінде ауа температурасы төмендейтінін хабарлады.

Атлантикалық циклон және онымен байланысты атмосфералық фронттар шығысқа қарай баяу жылжуынан ауа-райы тұрақсыз болып, елдің басым аумағында қар жауады. Әсіресе шығыста қар молынан түсіп, оңтүстікте жаңбыр аралас қар жауады.

"Республика аумағында бұрқасын, көктайғақ, батыста және оңтүстікте тұман болады деп болжануда. Бірақ 7 қаңтарда суық арктикалық антициклон еліміздің батысына жылжи бастайды, сонымен байланысты жауын-шашынның біртіндеп тоқтауы және ауа температурасы батыста, одан кейін еліміздің қалған бөлігінде күрт төмендеуі күтіледі. Термометрлердің бағандары батыста, орталықта 20-28 аязға дейін, солтүстік-батыста, солтүстікте 25-33 аязға дейін, шығыста 5-13 аязға дейін, ал еліміздің оңтүстігінде 0-10 аязға дейін төмендеуі күтіледі" делінген хабарламада.

"Қамшы" сілтейді
Ілмек сөздер: аяз ауа райы болжамы

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір