• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

21 Қараша, 22:30:55
Алматы
+12°

Алматы облысы Қарасай аудандық сотының үкімімен "Қазақ Ұлттық Қыздар Педагогикалық Университетінің" бұрынғы ректоры, басқарма төрағасы Г.Алдамбергенова, ректордың кеңесшісі Қ. Қожантаев (Алдамбергенованың туған ағасы) және "Азаматтарға арналған үкімет "Мемлекеттік корпорациясы" КЕАҚ филиалы Қарасай Жер кадастры және жылжымайтын мүлік бөлімінің басшысы А. Журунов кінәлі деп танылып, 7 жылға бас бостандығынан айырылды, деп хабарлады Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет.

Сол үкіммен Қарасай бөлімі басшысының орынбасары Д. Жұмаділ мен бөлім маманы Е. Кемал шартты түрде 7 жылға бас бостандығынан айырылған.

Барлық сотталғандарға мемлекеттік қызметте қызмет атқару құқығынан өмір бойына айыру түріндегі жаза қолданылған.

"Тергеу барысында сотталғандардың бөгде тұлғаларға заңсыз ресімделгені, университеттің 9 га жер учаскесін бөліп және адал сатып алушыларға сатқаны дәлелденді. Нәтижесінде университетке 95,5 миллион теңге шығын келтірілді" делінген антикор хабарламасында.

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір