22 Қараша, 2022 NEWS
Фото: ulysmedia.kz
Жаңадан сайланған президенттің ұлықтау рәсіміне бюджеттен қосымша қаражат бөлінбейді. Бұл туралы вице-премьер – қаржы министрі Ерұлан Жамаубаев мәлімдеді.
"Президенттің ұлықтауына біз бюджеттен қосымша қаражат бөлген жоқпыз. Өздеріңіз білетіндей, бұл – президенттің ресми түрде Конституциялық заң бойынша президент лауазымына өтуіне байланысты ант беруі. Оған көп қаражат кетеді деп ойлаймын. Сондықтан, оған біздің тарапымыздан көп қаражат бөлінбейді", – деді Жамаубаев.
Қасым-Жомарт Тоқаевты ұлықтау рәсімі 26 қарашада өтеді. Сайлау қорытындысы бойынша Тоқаев сайлаушылардың 81,31% дауысын жинаған. Оған 6 456 392 адам дауыс берген. Жаңа өзгеріске сай, ол елді енді 7 жыл басқарады.
Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.
Пікір қалдыру
пікір