• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

26 Сәуір, 07:04:53
Алматы
+35°
 

Түркия Ішкі істер министрі Сүлейман Сойлу Стамбулдың Бейоглу ауданы Истикляль көшесіндегі жарылысқа қатысы болуы мүмкін деген күдікпен тағы 21 адам ұсталғанын хабарлады.

"Біздің бағалауымызша, бұйрық Кобаниден (Сирия қаласы) түскен. Ал орындаушы Африннан (Сирия қаласы) келген" деген Сойлу сөздерін Anadolu агенттігі келтірген.

Ол істің ізі Сирияға келіп тірелетін айғақтар бар деп отыр. Айтуынша, айғақтар жарылысты PYD ұйымы ұйымдастырғанына меңзейді.

Кеше Стамбулдың туристер көп жүретін Истикляль көшесінде жарылыс болып, 6 адам қаза тапқан. 81 адам жараланған.

Түркия денсаулық сақтау министрлігінің мәліметінше, 81 адамның 39-ы үйіне шығарылғанын, 5 адам жансақтау бөлімінде жатыр, оның екеуінің жағдайы ауыр.

 

 
"Қамшы" сілтейді
Ілмек сөздер: Стамбулдағы жарылыс

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір