• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

22 Қараша, 03:30:39
Алматы
+12°
 
 

Құсқа арналған құрамында ақуыз мөлшері жоғары жем-шөп тапшылығы Қазақстанда құс шаруашылығы өнімдерінің қымбаттауына әкеп соғуы мүмкін. Бұл туралы атамекен кәсіпкерлер палатасының ресми сайты хабарлады.

Кәсіпкерлердің айтуынша, бұл жағдай қыркүйектен басталып, теміржол көлігімен күнжара, жом тасымалдауға арналған вагондардың болмауына байланысты тіпті түйткілді проблемаға айналған. Қазіргі кезде құс шаруашылығын азықпен қамтамасыз ету және өсімдік майын ішкі тасымалдау үшін айына 300-ге жуық вагон қажет.

«Кәсіпорындар тарапынан өтінімдер уақытылы берілгеніне қарамастан, «Қазтеміртранс» АҚ жем-шөпті тиеуге жабық вагондарды бермей жатыр. ҚТЖ тарапынан да кесте жоспарланбады немесе вагондардың аз ғана санына рұқсат беріледі. Соның салдарынан кәсіпкерлер жоспарды орындай алмай, айыппұл төлеуге мәжбүр болады», – деп атап өтті Қазақстанның майлы дақылдарды қайта өңдеушілер ұлттық қауымдастығының басқарма төрағасы Ядыкар Ибрагимов онлайн кездесуде.

Кәсіпкерлер жеткізу кестесінің бұзылуы күнжара мен жомның ғана емес, сонымен қатар бөтелкедегі күнбағыс майының да тапшылығын тудыратынын жеткізді. Олардың айтуынша, бұл жағдай көптеген әлеуметтік маңызы бар азық-түлік өнімдерінің бағасына әсер етуі мүмкін.

Мәселені шешу үшін «Қазтеміртранс» АҚ тасымалдауды қамтамасыз ету департаментінің директоры Нұрлан Есембаев кәсіпкерлерге көлемі 64-66 тонна вагондарға өтінім беруді ұсынған.

 «Жомның салмағы ауыр, сондықтан тапсырыстарда 68 тонна көрсетіледі. Осыған байланысты бос тұрған 64-66 тоннналық вагонадарды пайдаланайық. Осылайша мәселе тезірек шешіледі. Алайда вагонның бәрінде бірдей жоғарыдан тиейтін люктері бола бермейді. Мысалы 3 вагонға жемді төгіп тиеуге болса, 4 вагонда қаппен тиеуге тура келеді»,– деді спикер.

"Қамшы" сілтейді
Ілмек сөздер: құс өнімдері

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір