09 Қыркүйек, 2022 NEWS
Фото: m24.ru
Ресей президенті Владимир Путин қазан айының ортасында Нұр-Сұлтан қаласында өтетін Азиядағы өзара ықпалдастық және сенім шаралары жөніндегі жиынға қатысады, деп хабарлады РИА Новости.
"Президентіміз Нұр-Сұлтан қаласында Азиядағы өзара ықпалдастық және сенім шаралары жөніндегі жиынға қатысады деген жоспар бар. Сонымен қатар сол қалада ТМД саммиті де өтеді. Путин шамамен 12-14 қазан күндері Нұр-Сұлтан қаласында болады", деді Ресей президенттің көмекшісі Юрий Ушаков.
Басылым мәліметінше, Путин Қазақстанға іс-сапар барысында "Ресей-Орталық Азия" форматындағы жоғары деңгейдегі кездесуге қатысуды жоспарлап отыр.
Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.
Пікір қалдыру
пікір