• USD 468.98

  • EUR 493.74

  • RUB 7.59

  • CNY 66.79

04 Желтоқсан, 08:04:30
Алматы
-6°

Өскеменде Ата заң мерекесі қарсаңында мемлекеттік әкімшілік қызметшілер салтанатты түрде ант қабылдады. Салтанатты шараға ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің ШҚО бойынша департаментінің басшысы, Әдеп жөінідегі кеңес төрағасы Еркебаев Нұрлан Тәңірбердіұлы қатысты.

Ант­ты бі­рінші болып Өскемен қаласының мемлекеттік кірістер басқармасының басшысы Койшинов Казыбек Кадешович, жетекші маманы Барыс Дана Болатбекқызы қабылда­ды. Содан соң Өскемен қаласының мемлекеттік кірістер басқармасының жетекші маманы Қабдолдаев Тілек Тоқтауұлы, Өскемен қаласының мемлекеттік кірістер басқармасының жетекші маманы Бейсенғазинова Жадыра Ренатқызы, Өскемен қаласының кәсіпкерлік және ауыл шаруашылығы бөлімінің бас маманы Сизова Надежда Юрьевна және басшысы Турганбаев Гасан Болатбекұлы, Өскемен қаласы ішкі саясат бөлімінің бас маманы Ланге Алия Аскаровна және басшысы Ашимова Аяужан Турсынбекқызы  халыққа адал да білікті түрде қызмет етуге ант беріп, қызметтік куәліктері табыс етілді.

Фото:ШҚО Ақпарат орталығы

«Мемлекеттік қызметші ал дымен өз халқына адал болу керек. Мемлекеттің мүддесін қорғау керек. Өз жұмысын тиімді атқарып, мемлекетке және қоғамға пайдалы болу керек. Бұл - үл­­кен сенім, үлкен міндет» деді Өскемен қаласының мемлекеттік кірістер басқармасының жетекші маманы Қабдолдаев Тілек Тоқтауұлы.

"Қамшы" сілтейді
Ілмек сөздер: шқо ант ата заң

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір