• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

21 Қараша, 23:35:12
Алматы
+12°

Шығыс Қазақстан облысында бүгінге дейін 28,2 млн теңге сомасына 23 грант, оның ішінде 6 грант – мүгедектігі бар жастарға, 1 – АӘК алушыға, 15 – көпбалалы отбасыларға берілді.

Сонымен қатар кәсіпкерлікті дамыту жөніндегі қатысудың басқа да мүмкіндіктері жайлы 2021-2025 жылдарға арналған Ұлттық жоба негізінде «Кәсіпкерлердің қажеттіліктеріне қарай дағдыларды дамыту» бағыты бойынша 2022 жылы еңбек нарығында сұранысқа ие дағдылар мен біліктіліктер бойынша кемінде 1415 адамды кәсіптік оқытумен қамту, оның ішінде жұмыс берушілердің сұрауы бойынша оқу ұйымдарында – 973 адам, жұмыс берушінің жұмыс орнында – 442 адам, сондай-ақ онлайн оқыту арқылы – 1 600 адамды қайта оқыту көзделген.

Сонымен қатар субсидияланатын жұмыс орындарына 6711 адамды жұмысқа орналастыру, оның ішінде жастар практикасы – 714, бірінші жұмыс орны – 132, әлеуметтік жұмыс орындары – 430, қоғамдық жұмыстар – 4867, ұрпақтар келісімшарты бойынша (зейнеткерлік жасқа толған жұмыс істейтін жұмыскерді кейіннен ауыстыра отырып жұмысқа орналастыру) – 38, күміс жас (зейнеткерлік жас алдындағы тұлғалар үшін жасы) – 530 адамды жұмыс пен қамтып, жұмыссыздықтың алдын алмақ.

Облыс бойынша 2022 жылы қоғамдық жұмыстармен кемінде 4 867 адамды қамту көзделініп отыр.

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір