• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

26 Сәуір, 07:58:21
Алматы
+35°

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет Қайрат Сатыбалдының ұшағынан 1,5 млрд доллар табылғаны туралы ақпаратқа байланысты пікір білдірді, деп жазады Exk.kz сайты.

"Бұл туралы ештеңе айта алмаймыз. Өкінішке қарай қылмыстық-процессуалдық кодекстің 201 бабына сәйкес барлығы шектеулі. Жариялауға тиісті ақпараттар бұған дейін айтылды" деді Антикор өкілі.

Бұған дейін Аbzhannews Telegram каналында Қайрат Сатыбалдыны ұстау кезінде оның ұшағынан 1,5 млрд доллар табылғаны туралы ақпарат тараған.  

Экс-президент Нұрсұлтан Назарбаевтың жиен-немересі Қайрат Сатыбалды 13 наурыз күні қамауға алынған. Ол "Қазақтелеком" АҚ-тың қаржысын жымқырды деп айыпталып отыр. Ол елдегі бай адамдардың бірі. Кезінде ұлттық қауіпсіздік комитетінде, "Kazakh Oil", "Қазақстан темір жолы" ұлттық компанияларында істеген. "Kaspi.kz" акционерлік қоғамының негізгі акционері болған. Діни орталарда ықпалды адам саналады. Ол Ислам дінінің Сәләфизм ағымының белді өкілі деген бейресми ақпарат бар.

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір