• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

17 Қыркүйек, 01:17:06
Алматы
+35°

20 Сәуір, 2022 NEWS

Кибербуллинг туралы даулы заң: Мәжіліс сенат енгізген түзетулерді мақұлдады

Сенат түзетулерін мәжілістің жалпы отырысына қатысқан 101 депутаттың жүзі қолдаса, бір депутат қалыс қалды.

Фото: Видеодан скриншот

Мәжіліс "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне баланың құқықтарын қорғау, білім беру, ақпарат және ақпараттандыру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" заң жобасына сенат енгізген түзетулерді мақұлдады.

Видеодан скриншот

– Сенат депутаттары бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы уәкілетті органға балаға қатысты кибербуллинг фактілері бойынша сараптама жүргізу тәртібін айқындау құзыреттін беруді, сондай-ақ кибербуллинг фактілерін интернет-ресурстарға қол жеткізуді тоқтатуға негіз болатын заңмен бекітуді ұсынды. Бұл ретте, заң жобасынан уәкілетті органның тыйым салынған ақпаратқа қол жеткізуді шектеу тәртібін айқындау жөніндегі құзыреті алынып тасталды. Тұтастай алғанда, Сенат ұсынған өзгерістер мен толықтыру Мәжіліс мақұлдаған заң жобасының тұжырымдамасы мен мазмұнын өзгертпейді, – деді мәжілістегі әлеуметтік-мәдени даму комитетінің төрайымы Жәмила Нұрманбетова мәжілістің жалпы отырысында..

Сенат түзетулерін мәжілістің жалпы отырысына қатысқан  101 депутаттың жүзі қолдаса, бір депутат қалыс қалды. Заң президенттің қол қоюына жіберілді.

Заң жобасындағы даулы түзетулерді енгізумен депутаттар Айдос Сарым мен Динара Закиева айналысқан.

Бұған дейін сенат заң жобасын қарау барысында жобадағы қоғамда наразылық тудырған әлеуметтік желілер мен мессенджерлердің жұмысы шектеуге қатысты нормаларды алып тастаған. Жоғары палата депутаттары ақпарат және қоғамдық даму министрлігіне балаға қатысты кибербулинг деп танылған ақпаратты жоюға ғана құзырет қалдырып, интернет-ресурстардың, әлеуметтік желілер мен мессенджерлердің жұмысын шектеуге немесе тоқтатуға қатысты өкілетін қысқартты.

Заң жобасының мәжіліс мақұлдаған алғашқы редакциясында әлеуметтік желілер мен мессенджерлерді Қазақстанда "заңды өкілдерін" тағайындауға, сонымен қатар, ақпарат және қоғамдық даму министрлігі талап еткен контентті 24 сағаттың ішінде өшіруге міндеттейтін тұс болған. Егер әлеуметтік желі уәкілетті орган талабын орындамаса, министрлік желінің "Қазақстан аумағында жұмысын шектеуге" құқылы.

Заң жобасындағы осы түзетулер медиасарапшылар арасында қызу талқыланып, олардың наразылығын тудырған. Олардың сөзінше, министрлікке беру көзделген құзырет Facebook, Instagram, Youtube, Telegram, Whatsapp және басқа да желілердің Қазақстан интернет кеңістігінде жұмыс істеуіне қауіп төндірген.

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір