• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

20 Қыркүйек, 11:52:22
Алматы
+35°

Президент Қ.Тоқаев дәстүрлі жолдауы барысында мәжілісті жасақтау жүйесіне өзгеріс енгізілетінін айтты.

Президент ендігіде мәжілістің 70 пайызы пропорционалдық яғни партиялық жүйе бойынша, 30 пайызы мажоритарлық жүйе (өзін-өзі ұсыну) бойынша жасақталатынын мәлімдеді.

Сондай-ақ ол партияларды тіркеу процедурасы жеңілдейтінін, тіркеу табалдырығы 4 есеге 20 мың адамнан, 5 мың адамға дейін төмендетілетінін айтты.

Аймақтық өкілдіктердің саны 600-ден 200 адамға, бастамашыл топ өкілдері 1000 аламнан 700 адамға дейін төмендетіледі.

Бұдан бөлек Тоқаев президенттің партияға мүше болуына заң жүзінде тыйым салу, Орталық сайлау комиссиясы төрағасы мен мүшелерін, есеп комитеті, конституциялық кеңес мүшелерін партия құрамынан шығару, әкімдерге партия филиалдарын басқаруға тыйым салу, президенттің жақын туыстарына саяси лауазымдар мен квазимемлекеттік құрылымдарды басқаруға тыйым салу ұсыныстарын көтерді.

"Қамшы" сілтейді
Ілмек сөздер: Жолдау

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір