25 Ақпан, 2022 NEWS
Фото: ria.ru
Украина президенті Владимир Зеленский Ресей президенті Владимир Путинді келіссөз үстеліне отыруға шақырды. Бұл туралы Украинаның жергілікті телеарналары хабарлады.
– Адамдардың өлімін тоқтату үшін келіссөз үстеліне отырайық, – деді Зеленский.
24 ақпанда таңертең Ресей президенті Владимир Путин Украинаның шығысындағы Донбасс аймағын қорғаймыз деген желеумен арнайы әскери операция бастады. Украина әскерилерінің мәлімдеуінше, шабуылға Беларусь те қатысуда.
Украина қазіргі уақытта барынша қорғанып жатыр. Алайда батыс сарапшылары Киев бірнеше тәулікте құлайды деп болжап отыр.
Бүгін Украина президенті Владимир Зеленский халыққа үндеу жолдап, қақтығыстарда 316 адам жараланып, 137 украиналық қаза тапқанын айтты.
Ресей Сыртқы істер министрі Сергей Лавров бұған дейін Мәскеу Украина қарулы күштері қару-жарағын тастаған кезде ғана келіссөздерге дайын болатынын мәлімдеген.
Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.
Пікір қалдыру
пікір