• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

20 Қыркүйек, 05:45:33
Алматы
+35°

Мәжіліс депутаты Дариға Назарбаева өкілеттігін тоқтатады. Бұл туралы Zakon.kz басылымы хабарлады.

"Бүгін парламент мәжілісінің депутаты ретіндегі өкілеттігімді тоқтату туралы шешім қабылдадым. Енді өзімді толықтай қоғамдық, гуманитарлық, мәдени және қайырымдылық жұмыстарға арнаймын" дейді ол.

Бұған дейін мәжіліс депутаты Айдос Сарым Дариға Назарбаева отставкаға өтініш жазуы керек деген болатын.

"Қалыптасқан жағдайға байланысты адам ретінде, азамат ретінде ол отставкаға өтініш білдіруі керек" деген ол Дариға Назарбаеваға сенімсіздік танытатынын жеткізген.

Дариға Назарбаева қаңтардағы халық наразылығынан бері мәжілістегі жиындарға келген жоқ. Қаңтардың басынан бері көпшілік алдына да шықпады. Ресми ақпарат бойынша ол ақысыз демалыста болды. Коронавирус жұқтырып, Алматыдағы үйінде емделіп жатты. Бейресми ақпараттарда ол Дубайда екені айтылады. Ол 28 қаңтарда NurOtan партиясы саяси кеңесі құрамынан шығарылған.

"Қамшы" сілтейді
Ілмек сөздер: Дариға Назарбаева

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір